Абруй (6 ғасыр) — Бұхар әмірі. Абруй есімі парсы тарихшысы Наршахидің деректерінде Орта Азияның отырықшы алқаптарына Түрік қағанаты билеушілерінің орнығуымен байланысты айтылады. Шамамен 580 жылы түркі шаруалары мен соғдылықтар Абруйды Бұхар әмірі етіп сайлайды. Абруйдың аса қатал билігінен қашқан ақсүйектер мен саудагерлер Түркістан мен Таразға барып, түркілер билеушісі Қарашорыннан көмек сұрайды. Қарашорын өзінің ұлын қолбасшы етіп Абруйды тақтан құлатуға әскер жібереді. Абруй жеңіліп, азапталып өлтірілгеннен кейін түркілер қағаны Бұхарды билейтін болды.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-ХҚ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Әскери іс