Андрей Юрьевич Цалюк 1960 жылы 10 қазанда Киев қаласында туған. Жеке басты мағлұмат Үйленген. Жұбайы - Добронравова Яна Геннадьевна Қыздары - Олеся (1980 ж. т.), Вероника (1983 ж. т.); ұлы Дмитрий (1984 ж. т.). Немересі - Евгения. Білімі А.А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің ғеолоғия факультетін «Теңіз геологиясы» мамандығы бойынша бітірген (1982), геолог-геохимик-литолог.Турлі БАҚ беттерінде қаржылық нарық тақырыбына жазбалары ұдайы жарияланады, Спикерлердің тұрақты сұранысын иеленетін журналистердің бірі болып табылады. Жұмысы 1982 жылдан - «Приморгеология» ӨБ Теңіз геологиялық барлау экспедициясының геологы (Партизанск қ., Приморье өлкесі); «Дальморгеология» ӨБ Теңіз геологиялық барлау экспедициясының аға геологы, 2-ші санатты геологы (Находка қ., Приморье өлкесі). 1989 жылдан -«Волковгеология» ӨБ 2-ші, 1-ші санатты геологы, инженері (Алматы қ.). 1991 жылдан - «Волковгеология» ӨБ материалдық-техникалық жабдықтау қызметінің бағдарламашы-инженері. 1992 жылдан - «Жетісу» ақпараттық агенттігі» ЖІІІС бағдарламашы-инженері, ақпарат белімінің бастығы, ақпарат жөніндегі директорының орынбасары (Алматы қ.). 1996 жылдан - «Алматы қаржылық құралдар биржасы» ЖАҚ ақпарат және талдау белімінің бастығы 1997 жылдан - «Қазақстан қор биржасы» ЖАҚ ақпарат және талдау белімінің бастығы. 1998-2008 жылдары қоса атқарумен «Қаржылық нарықтардың «Ирбис» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас директоры. 1999 жылдан - «Қазақстан қор биржасы» АҚ ақпарат және талдау бөлімінің бастығы 2007 жылдан - ақпарат және талдау департаментінің директоры. 2007 жылдың қазанынан бері - «Қазақстан қор биржасы АҚ вице-президенті - басқарма мүшесі. ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған (2010).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Кімнің Кім екені Санат:1960 жылы туғандар