Болат Исатайұлы Қырғызбаев (17 ақпан 1959, Талдықорған облысы, Жаркент қаласы) - Генерал-майор.
Өмірбаяны Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК Жоғары шекара училищесін (1980) бітірген. М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны (1992) бітірген, жалпы әскер командирі, мамандығы командалық-штабтық, жедел-тактикалық. 1980 жылдан - Шығыс шекара округының Үшарал шекара отрядында қызметте. 1995 жылдан - ҚР Мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі Мемлекеттік комитетте, мемлекеттік шекарасын қорғау Күштерінде, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Орталық аппаратындағы түрлі басшы лауазымдарында қызмет еткен. 2003 жылдан - РФ-дағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жедел тобының бастығы. 2006 жылдың шілде айынан - ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары. 2008 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың ақпан айына дейін - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры.
Марапаттары ҚР, Ауғанстан Республикасының 12 медалі ведомстволық сыйлықпен марапатталған.
Отбасы Үйленген. 5 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:17 ақпанда туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Жаркентте туғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:КСРО жоғарғы шекара училищесі түлектері Санат:Фрунзе атындағы Әскери академия түлектері