Ерлан Еділұлы Ақшалов (3.01.1963, Алматы) - журналист. Қазақ.
Өмірбаяны С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1985), тележурналист. 1985 жылдан - Қазақ телевизиясының редакторы. 1990 жылдан - «Азия ТВ» телекомпаниясының шеф-редакторы. 1993 жылдан - Қазақ телевизиясының интер бағдарламалар студиясының бас редакторы. 1995 жылдан - Қазақ телевизиясының «Бағдар» студиясының бас редакторы. 1997 жылдан - «Мир» МТРК шеф-редакторы. 2002 жылдан - «Гала-ТВ» продюсерлік орталығының шеф-редакторы. 2005 жылдан - «Брэнд Ю» продюсерлік орталығының шеф-редакторы. 2007 жылдан - «Қазақстан» ТРК бас продюсері. 2010 жылдан бері - «Аsyl Media» продюсерлік компаниясының директоры (Алматы қаласы), Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Авторлық телевизия және радиохабарлама» кафедрасының меңгеруішісі.
Өмірбаяны 50-ден астам публицистикалық мақалалардың авторы; «Оралу» деректі фильмінің режиссері және сценарий авторы (2010).
Қоғамдық қызметі ҚР Мәдениет қайраткерлерін қолдау қоғамдық қорының Туберкулезге қарсы қоғамдық қорының мүшесі. «Брейн-клуб» дискуссиялық клубының мүшесі.
Марапаттары ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2000) ҚР мәдениет қайраткері (2008).
Шені Әскери атағы - запастағы майор.
Отбасы Әкесі - Ақшалов Еділ Білалұлы, марқұм, инженер-құрылысшы болып жұмыс істеген. Анасы - Ақшалова Райхан Камалқызы, зейнеткер, экономист болып жұмыс істеген. Үйленген. Жұбайы - Смағұлова Гүлнәр Борашқызы, «Ғасыр» студиясының бас режиссері. Қыздары - Ақшалова Іңкәр, Ақшалова Бағдар, Ақшалова Ділдар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:3 қаңтарда туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан Телерадиокорпорациясы редакторлары Санат:Азия теледидары редакторлары Санат:Мир телерадиокомпаниясы редакторлары Санат:Қазақстан продюсерлері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары Санат:Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Қазақстан майорлары