Нұрлан Қадырұлы Ниетбаев
1969 жылы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Қазақ.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша үздік бітірген (1994).
1994 жылдан - №1 «Қазыбек» банкі бөлімшесінің есепшісі, жетекші маманы, несие бөлімінің бастығы. 1995 жылдан - «Эксимбанк» АҚ Несиелеу департаментінің жетекші маманы, басқарма бастығы, директоры. 2001 жылдан - «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Жобаларды несиелеу департаментінің директоры, басқарушы директоры, вице-президенті. 2006 жылдан - «Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2007 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2008 жылдан - «Еуразия даму банкі» жобалық тобының директоры. 2010 жылдың сәуірінен бері - «ГРАНТУМ ЖЗҚ» АҚ басқармасының төрағасы.
Үйленген. Жұбайы - Аятбекова Гүлжазира Әбжапарқызы. 2 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1969 жылы туғандар Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Қазақстан банкирлері