Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев (1963 жылы 16 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданының Ақтерек ауылында туған) - қазақстандық экономикалық қайраткер. 2020—2022 жылдары «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Өмірбаяны 1985 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін экономист-маркетолог мамандығы бойынша бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты (2002).
Еңбек жолын 1985 жылы Алматы облысы Іле ауданы «Рассвет» кеңшарында агроном болып бастаған. Облыстық өсімдіктерді қорғау станциясында агроном, көкөніс қоймасының қоймашысы, Фрунзе көтерме-бөлшек жеміс-көкөніс бірлестігінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1993—1999 жылдары «Көктем» ЖШС, «Шын-Асыл» АҚ, «Жетісу» ЖШС президенті болған.
1999—2000 жылдары — Тараз қаласы әкімінің орынбасары.
2001—2002 жылдары — «Дәуір» ЖАҚ бірінші вице-президенті, «Кітап» баспа үйінің президенті.
2002—2003 жылдары — «Intergas Central Asia» ЖАҚ газ тасымалдау және маркетинг департаментінің директоры, маркетинг және коммерция жөніндегі бас директордың орынбасары.
2005—2006 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ бірінші вице-президентінің кеңесшісі, коммерция жөніндегі басқарушы директоры.
2006—2009 жылдары — «Данко» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2009—2014 жылдары — «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры.
2014 жылғы қазаннан 2015 жылғы желтоқсанға дейін — «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры. Оның басшылығы кезеңінде «ҚазТрансГаз» АҚ мен британдық Independent Power Corporation PLC компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Қазақстан астанасы Астана қаласын, сондай-ақ елдің солтүстік және орталық өңірлерін газдандыруға арналған жоспарланған «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры бойында 4 газтурбиналық электр станциясын салуды көздеді. Осы келісім аясында тартылған инвестициялар есебінен кейіннен «Сарыарқа» газ құбыры салынды және Астана қаласы газдандырылды.
2016 жылғы тамыздан 2020 жылғы қарашаға дейін — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ газ тасымалдау және маркетинг жөніндегі атқарушы вице-президенті, кейін осы бағыт бойынша басқарма төрағасының орынбасары. Бұл кезеңде 2017 жылы «Бейнеу — Бозой — Шымкент» магистральдық газ құбыры іске қосылып, 2020 жылы толық қуатына шықты.
2020 жылғы 4 қарашадан 2022 жылғы 14 қаңтарға дейін — «ҚазТрансГаз» АҚ, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде айтылған деректерге сәйкес, 2021 жылдың алғашқы 3 тоқсанында магистральдық газ тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 14 %-ға өсіп, 65,4 млрд м³ құрады; ұлттық оператордың кірісі 6 %-ға артып, 1,342 трлн теңгеге жетті; таза пайда 55 %-ға өсіп, 304 млрд теңгені құрады. Осы кезеңде газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту жобалары жүзеге асырылды, атап айтқанда Маңғыстау облысының газ тасымалдау инфрақұрылымын реконструкциялау, «Бейнеу — Бозой — Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу, Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттарын тұрғызу.
Марапаттары «Құрмет» ордені (2010) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2016) «Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық «КazЕnergу» кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ медалі (2010) Қазақстан Республикаса Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Амангелді газ кен орынын игергені үшін» құрмет грамотасы (2003)Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1963 жылы туғандар