thumb|250px|Құрық паркі thumb|250px|Құрық жағалау Жолболдин Мұханмеди (1923 жылы 25 наурыз — 1980 жылдың 23 қараша) — cоғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері. Маңғыстау мұнайын ашуға, Қарақия ауданының ашылуына атсалысып, көп еңбек сіңірген. Форт-Шевченко (1963), Жетібай (1965), Өзен (1969), Ералы (1971, 1975, 1979) қалалық, аудандық, поселкелік Кеңестің депутаты болып сайланған.

Майданда 1942 жылдың 11 наурызынан — 1943 жылдың 3-мамырына дейін болып, Соғыста көрсеткен ерлігі үшін - «За отвагу», «За победу над Германией», «20 лет Победы», «30 лет Победы», «60 лет вооруженных сил СССР», «100 лет В.И. Ленину»; еңбектегі ерлігі үшін - «За доблестный труд», «За трудовое отличие», «Победитель соцсоревнования-1973 года» медаль, төсбелгілерімен марапатталған.

Мұханмеди Жолболдин 57 жасында, 1980 жылдың 23 қарашасында ауыр науқастан қайтыс болған."Азамат Жолы - Мұханмеди Жолболдин" Үміт Жәлеке. Деректі хикаят, естеліктер: Алматы : Таугуль- Принт, 2010 жыл.

Өмірбаяны 1923 жылы 25 наурызда Маңғыстау облысы, Онды жерінде туған. Бекдашыдағы кәсіпшілік жұмысшыларының балаларына арналған 4 сыныптық мектепте оқыған. 1942 жылы 19 жасында ҰОС-на өзі сұранып аттанып, 152-атқыштар бөлімінің құрамында ұрысқа қатысқан. 1942 жылдың наурызының 11-нде оқу батальонына жіберіліп, 17-нде ант қабылдаған. 1942 жылы 5-қыркүйекте ауыр жараланып, госпитальға түседі. Жазылып шыққасын ұрыс даласына қайта оралады. 1943 жылы 23-қаңтарда қолынан жараланып, госпитальға түсіп, шынтағын, саусағын кестіріп, соғысқа жарамсыз болып елге оралған. Елге келгесін Таушықта НКВД-ға, хатшылық қызметке тұрады. 1945 жылдан КОКП мүшесі. 1949 жылы сауда мекемесіне (потребсоюзға) басшылық қызметке ауысады. 1951 жылы Қазақстан тұтынушылар одағының басқарма төрағасын даярлайтын курстан өтіп келгесін, 1952-55 жылдары Форт-Шевченкода рыбкоопта бастық болады. 1954-56 жж. Алматыдағы Қарғалы сауда техникумын бітіріп, сауда кооперативінің жоспарлаушы мамандығын алады. 1956-58 жылдары Мақатқа жұмысы ауысып, облыстық сауда базасына директор болып барады. 1957 жылы Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің экономика факультетіне сырттай оқуға түсіп, 1962 жылы өнеркәсіп экономисі мамандығын алған. 1958 жылы Маңғыстау мұнай-газ барлау тресінің кадр бөліміне басшы болып барады. Содан кейін Құрықта (Ералы) материалдық-техникалық жабдықтау базасының бастығы болып 1974 жылдың 4-сәуіріне дейін жұмыс жасаған. 1974-1980 жылға дейін Ералиево аудандық кеңесі атқару комитетінің әлеуметтік қамту бөлімінің меңгерушісі болған.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері