Кит Руперт Мёрдок ( ; 11 наурыз 1931, Мельбурн, Аустралия) — аустралиялық кәсіпкер, медиамагнат, БАҚ-қа иелік етуші. Оның иелігінде әлемнің бірқатар жетекші елдерінің БАҚ-ы бар. АҚШ-тағы, Аустралиядағы, Еуропадағы, Азия және Латын Америкасындағы көптеген танымал кинокомпаниялар мен баспа үйлеріне басшылық етеді. Белгілі аустралия журналисті Кит Артур Мердоктың отбасында дүниеге келген ол 1968 жылы алғаш рет Ұлыбританияның медианарығында көріне бастайды. Оның медианарықтағы бейнесі осы кезеңдерден бастап айқындала түседі.

Дереккөздер

Санат:Медиамагнаттар Санат:Аустралия миллиардерлері Санат:АҚШ миллиардерлері Санат:АҚШ кәсіпкерлері Санат:Аустралия кәсіпкерлері