Юрий Георгиевич Казаченко (1935, Атырау қаласы). Грозный мұнай техникумын бітірген (1958). 1958-1962 жылдары - Мақат мұнай өндіру кәсіпшілігінде оператор, шебер. 1962-1965 жылдары - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің Шұбарқұдық мұнай кәсіпшілігінде, 1965-1972 жылдары - «Кеңқияқмұнай» МГӨБ бас инженер. 1972-1988 жылдары - партия-кеңес жұмыстарында - Қазақстан Коммунистік партиясы аудандық комитетінің хатшысы, Маңғышлақ облыстық комитетінің бірінші хатшысы, облыстық атқару комитетінің терағасы. 1995 жылдан - Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілі. 2004 жылдан - зейнеткер. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан КП Маңғышлақ облыстық комитетінің бірінші хатшылары