Оқиғалар
Қаңтар 1 қаңтар - Нигер өзенінің аймағында ағылшын колониялары "Нигерия колониясы мен протекторатына" біріктірілді. 29 қаңтар - Ресей патшасы II Николай өзінің төртінші премьер-министрі Владимир Коковцовты отставкаға жіберді.
Ақпан 13 ақпан - Авторлық құқық: Нью-Йоркте музыкалық шығармалардың авторлық құқығын қорғау үшін американдық композиторлар, авторлар және баспагерлер қоғамы құрылды. 28 ақпан - Солтүстік Эпирустағы этникалық гректер Солтүстік Эпир автономиялық республикасын жариялады.
Наурыз 1 наурыз - Қытай Республикасының дүниежүзілік пошта одағына кірді. 8 наурыз - Испанияда Кортес сайлауында монархистер жеңіске жетті. 14 наурыз - Бірінші Балқан соғысымен үзілген Сербия мен Түркия арасындағы дипломатиялық және консулдық қатынастарды қалпына келтіріп, 1913 жылғы Лондон келісімінің талаптарын растайтын Серб-Түрік бейбітшілік келісіміне қол қойылды. 27 наурыз - Бельгиялық хирург Альберт Джастин антикоагулянттарды қолдана отырып, алғашқы сәтті жанама қан құюды жүзеге асырды.
Сәуір 9 сәуір - Мексикалық Тампико портында тоғыз американдық теңізші жабдықтау үшін жағаға шығып, Мексика әскерлерінен тұтқындалды. АҚШ Адмиралы Генри Майо АҚШ теңізшілерін босатуды талап етті. Мексика бұл талапты қабылдамады. 20 сәуір - Президент Вудро Вильсон АҚШ конгресінен Тампико ісіне жауап ретінде Мексикада әскери күш қолдануды сұрайды . 21 Сәуір - АҚШ әскерлері Мексиканың Веракрус портына қонды. 22 Сәуір - Мексика АҚШ-пен дипломатиялық қатынастарды тоқтатты.
Мамыр 8 мамыр - Paramount Pictures-ті WW Hodkinson АҚШ-тағы ұлттық фильм дистрибьюторы ретінде құрды. 25 мамыр - Біріккен Корольдіктің Қауымдар палатасы Ирландияның егемендігі туралы заңын қабылдады.
Маусым 12-18 маусым - Грек геноциды: Фокейде (Осман империясы) грек тұрғындарын тұрақты емес түрік әскерлері қырды. 28 маусым - Франц Фердинанд 19 жасар ұлтшыл серб Гаврило Принциптің қолынан қаза тапты. Бұл оқиға Бірінші дүниежүзілік соғыстың сылтауы болды.
Шілде 23 шілде - Франц Фердинандтың өлтірілуіне байланысты Аустрия-Мажарстан Сербияға ультиматум жіберді. 28 шілде - Аустрия-Мажарстан Сербияға соғыс жариялйды, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.
Тамыз нобай|Германиядағы мобилизация. нобай|London Daily Mail бірінші бетінде Ұлыбританияның Германияға соғыс жариялағаны. 1 тамыз - Германия Ресейге соғыс жариялады. 2 тамыз - Неміс әскерлері Шлиффен жоспарына сәйкес Люксембургті басып алды. 3 тамыз - Германия Францияға соғыс жариялады. 4 тамыз - Неміс әскерлері Бельгияға басып кірген сон Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады. 6 тамыз - Аустрия-Мажарстан Ресей империясына соғыс жариялады. 8 тамыз - Поронинде Аустрия-Мажарстан билігі В.И. Ленинді тұтқындады. 23 тамыз - Жапония Германияға соғыс жариялады.
Қыркүйек 7 қыркүйек - Түркия Бельгияға соғыс жариялады. 10 қыркүйек - Оңтүстік Африка Германияға соғыс жариялады. 16 қыркүйек - Ресей әскерлері шығыс Галисиядағы Пржемысльді қоршауды бастады, онда аустриялық гарнизоны берілуге дейін 133 күн бойы ұстады, бұл бірінші дүниежүзілік соғыстың ең ұзақ қоршауы болды. 20 қыркүйек - Сербия мен Италияның қолдауымен Осман генералы Есад Паша Топтани Албанияға басып кіру үшін 10 000 адамдық әскери күш ұйымдастырды. 21 қыркүйек - Неміс Жаңа Гвинеясындағы барлық неміс қарулы күштері Аустралияның Әскери-теңіз және Әскери Экспедициялық күштеріне берілді.
Қазан 3 қазан - 25000 канадалық сарбаздар Еуропаға ағылшын әскерлеріне көмек ретінде жіберліді. 16 - 31 қазан - Изерде Бельгия әскерлері неміс шабуылын үлкен шығындармен тоқтатты. 29 қазан - Османлы әскери кемелері Қара теңіздегі Ресей порттарын бомбалады. Ресей, Франция және Ұлыбритания Осман империясына соғыс жариялады.
Қараша нобай|Британдық әскерлер Циндаода. 5 қараша: Ұлыбритания Кипрді басып алды. Ұлыбритания мен Франция Осман империясына соғыс жариялады. 7 қараша - Жапондар мен британдықтар Қытайдағы Цзяочжоу шығанағын, Германияның Шығыс Азия эскадрильясының негізін басып алды. 24 қараша - Бенито Муссолини итальяндық Социалистік партиядан шығарылды.
Желтоқан нобай|Бейресми бітім кезінде британдық және неміс әскерлері. 2 желтоқсан - Аустрия-Мажарстан әскерлері Белградты, Сербияны басып алды. 17 желтоқсан - Халықаралық комиссия Албанияның шекараларын белгіледі. 18 желтоқсан - Мысыр Британдық протектораты болып жарияланды . 24 желтоқсан - Батыс майдандағы ағылшын және неміс сарбаздары арасында бейресми және уақытша Рождестволық бітім басталды.
Туғандар Тағы қара: :Санат:1914 жылы туғандар
Қайтыс болғандар Тағы қара: :Санат:1914 жылы қайтыс болғандар
Тағы қараңыз
Дереккөздер
*