Майкл Кирк Дуглас (; 25 қыркүйек, 1944 жыл, Нью-Брансуик, Нью-Джерси штаты, АҚШ) – америка киноактері, продюсер.
Актер «Улицы Сан-Франциско» (1972-76) телехикаясынан кейін танымал бола бастаған. Сол жылдары ол «Көкектің ұясы» фильмнің продюссері болған. Фильм онжылдықтағы ең үздік фильм деп танылып, «Оскар» сыйлығына ие болған. 1980 жылы оқыс жағдай орын алып, ол кинодан үш жылға кетуге мәжбүр болады. Өзінің атын қайта жаңғырту үшін ол белсенді түрде еңбек ете бастайды. Соның нәтижесі «Роман с камнем» және «Жемчужина Нила» фильмдері болады. Қазіргі кезде де ол көптеген киножобалармен жұмыс істеуде.
Дереккөздер
Санат:Эмми сыйлығының иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Сезар сыйлығының иегерлері Санат:Үздік актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері