Мерль Робер Жан Жорж () (28 тамыз 1908 жыл, Тебесса, Алжир – 28 наурыз 2004 жыл, Париж) – француз жазушысы.

Францияда әдебиет факультетін бітіреді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Джон Вебстер, Джонатан Свифт, Эрскин Колдуэллдердің шығармаларын француз тіліне аударады. 1949 жылы Дюнкерктегі қайғылы оқиғаға арналған «Оңтүстік жағалаудағы демалыс» атты антимилитаристік романы жарық көреді. Бұл шығарма сол жылы Гонкуров сыйлығын иеленеді. Сонымен қатар Францияның тарихы туралы 13 романы жарық көреді.

Жеке өмірі Мерль үш рет үйленген, оның төрт ұлы мен екі қызы болған. Ол 2004 жылы 95 жасында Францияның Монфор-л'Амори қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды.

Санат:Франция жазушылары