Сальма Вальгарма Хайек Хименес-Пино ( , 2 қыркүйек 1966 жыл) – мексика-америкалық актриса, режиссер әрі продюсер. Сальма Хайек 30-дан аса фильмге түскен. 1994 жылы «Аллея чудес» фильміндегі рөлі үшін Мексиканың «Ариель» киножүлдесіне ие болған. 2000 жылы өзінің жеке «Ventanarosa» продюссерлік компаниясын құрған. Осы бағыттағы алғашқы жұмыстарының бірі «Полковникке ешкім жазбайды» фильмі болған. Осыдан кейін ол көптеген музыкалық клиптерге, телехикаяларға продюссер болған. Солардың бірі – 2006 жылы шыққан американ нұсқасындағы «Ұсқынсыз Бетти» («Ugly Betty») телехикаясы. Ол ағылшын, испан, араб және португал тілдерін меңгерген.
Фильмографиясы: «Моя безумная жизнь» (1993), «Поспешишь, людей насмешишь» (1997), «Догма» (1999), «Однажды в Мексике» (2003), «Одноклассники» (2010), т.б.
Дереккөздер