Борис Иванович Балакин (1913 жылы 16 шілдеде дүниеге келіп, 1964 жылы 31 қаңтарда дүниеден өткен) – совет театр және киноактері.

1945 жылы Станиславский атындағы опера-драмалық студиясын тәмамдайды. Соғыс кезінде концерттік тобымен бірге соғыс майданына барып тұрған. 1945-1949 жылдары Станиславский атындағы Мәскеу театрының әртісі болады. Бұдан кейін М. Горький атындағы КСРО МХАТ-ына ауысады. 1960 жылы «Алешкина любовь» фильмінде Илья рөлін, 1963 жылы «Я шагаю по Москве» фильмінде таксист рөлін, 1964 жылы «Живет такой парень» фильмінде Кондрат Степанович, жүргізуші рөлін сомдайды.

Дереккөздер

Санат:16 шілдеде туғандар Санат:1913 жылы туғандар Санат:31 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1964 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеу көркемөнер театры актерлері Санат:КСРО актерлері Санат:XX ғасыр актерлері Санат:Станиславский атындағы театр тұлғалары Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер