Манделл Роберт Александр (Mundell, Robert A(lexander) (туған жылы 24 қазан 1932 жыл, Кингстон, Онтарио, Канада), Канадада туған американдық экономист."Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель).

Ақша айналымы және тиімді валюталық зона мәселелері бойынша жұмысы үшін 1999 жылы экономика саласында Нобель сыйлығына ие болды. Британдық Колумбия университетінде (бакалавр, 1953), Вашингтон университетінде (магистр, 1954) және Массачусет Технологиялық институтында (доктор, 1956) оқыды.

Чикаго (1956-57) және Колумбия университеттерінде (1957) сабақ берген. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ҚОРЫНДА жұмыс істеп жүріп, валюта бағамының ақша-кредит саясатына тигізетін ықпалын зерттеген.

1961 жылы еркін еңбек және капитал қозғалысымен сипатталатын экономикалық мемлекеттерде бірыңғай валюта болуы мүмкін деген теория жасайды. Бұл теория Еуропа одағының 1999 жылы 1 қаңтарда ЕВРОНЫ, бірыңғай валютаны енгізуге ықпалын тигізді. Дереккөздер

Санат:Канада экономистері Санат:Экономикадан Нобель сыйлығының иегерлері