thumb|right|200px|Жан Ферра Жан Ферра ( ), (26.12.1930, Вокрессон, Франция - 13.03.2010, Ардеш) – композитор, ақын.
Жюль Ферри колледжінде оқыған. 1942 жылы әкесі өлтірілген соң, отбасын асырау үшін оқуын тастап кеткен. 1958 жылы Жан Ферраның алғашқы синглі жарық көреді. 1960 жылы «Decca Records-пен» келісімшартқа отырып, екінші «Ma Môme» атты синглін жазады. 1961 жылы өзінің әндерін орындаушы Кристиан Севрмен некелеседі. Бельгия мен Германияның әншісі Дидье Сезар Ферраның бірнеше әнін неміс тіліне аударған. Жан Ферра 2010 жылы 79 жасында қайтыс болған.
Дереккөздер
Санат:26 желтоқсанда туғандар Санат:1930 жылы туғандар Санат:О-де-Сенде туғандар Санат:13 наурызда қайтыс болғандар Санат:2010 жылы қайтыс болғандар Санат:Ардеште қайтыс болғандар Санат:Франция әншілері Санат:Франция автор-орындаушылары Санат:Decca Records орындаушылары