thumb|right|200px|Григорий Анисимович Аредаков Григорий Анисимович Аредаков (1944 жылы 18 қаңтарда Улан-Удэде дүниеге келген) – орыс театр және киноактері, ұстаз.
1991 жылы Ресей Федерациясының халық әртісі атанған. Григорий Аредаков 1964 жылы Слонов атындағы Саратов театр училищесін бітіреді. Ұстазы – Андрей Василевский болған. Қазіргі уақытта ол И.А. Слонов атындағы Саратов драма театр академиясында актерлік және көркемдік жетекші қызметін атқарады. Л.В. Собинов атындағы Саратов консерваториясында театрлық факультет курсын жүргізеді. Аредаковтың шәкірттерінің арасынан танымал болған көптеген: Эльвира Данилина, Владимир Назаров, Григорий Алексеев, Екатерина Ледяева және Андрей Казаков сияқты талантты шеберлер шыққан.
Дереккөздер
Санат:18 қаңтарда туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Улан-Удэде туғандар Санат:Саратов драма театры актерлері Санат:КСРО актерлері Санат:Ресей актерлері Санат:XX ғасыр актерлері Санат:XXI ғасыр актерлері Санат:КСРО театр педагогтары Санат:Ресей театр педагогтары Санат:РКФСР халық әртістері Санат:Саратов театралдық мектебі түлектері Санат:Алтын арлекин сыйлығының иегерлері