ДуаньЮнпин (10.03.1961, Наньчан, Қытай) – Subor және BBK Electronics корпорацияларының негізін қалаушы. Экономикалық ғылымдардың докторы.

Чжэцзян университетін тәмамдап, Қытайдың Ұлттық университетінің экономика саласында оқуын жалғастырады.

Инженер ретінде Бейжіңдегі зауыттардың бірінде жұмысын бастайды. 1989 жылы өз ісін бастауға шешім қабылдап, электроникамен айналысатын жеке компаниясын құрады.

1995 жылы негізін қалаған «BBK Electronics Industrial Group» корпорациясы қазіргі таңда Қытайдың ірі корпорацияларының бірі болып табылады.

Дереккөздер

Санат:10 наурызда туғандар Санат:1961 жылы туғандар Санат:Наньчанда туғандар Санат:Қытай миллиардерлері Санат:Қытай кәсіпкерлері Санат:Чжэцзян университеті түлектері