Темірлі тақтатастар – кембрий кезеңіне шейін қалыптасқан, құрамына кварцты-темірлі түзілімдерді көптеп кіріктіретін, әртүрлі метаморфты өзгерістерге ұшыраған шөгінді және жанартаутекті-шөгінді тау жыныстары; кварц пен силикат-магнетитті немесе гематитті жыныс қабатшаларының алмасып отыруы нәтижесінде қат-қабатталған немесе жолақ нақышты түзілімдер түзеді. Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4

Құрамындағы темір мөлшері 25–30%-тен кем болмаған жағдайда темірлі тақтатастар байытуды керек қылатын темір рудасы болып есептеледі.

Дереккөздер

Санат: Шөгінді тау жыныстары