Бұланты– Ұлытау тауының батысында, Байқоңыр және Қалмаққырған өзендерінің төменгі бөлігінде орналасқан жазық келген сортаң қоныс. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы жерінде.
Ұзындығы 60 км, ені 20 км, абсолюттік биіктігі 130 — 150 метр. Жер қыртысын төрттік кезеңнің сазды-құмдақты аллювийлі шөгінділері түзеген. Оның сұр және сортаңдау топырағында баялыш, сарсазан, қарабарақ, бұйырғын, жусан өседі.Қазақ Энциклопедиясы II том
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы қоныстары Санат:Ұлытау ауданы географиясы