Назарбай Қыдырұлы Білиев (15.9.1935 жылы туған, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылы) — ғалым, физик-математика ғылымдарының докторы (1980), профессор (1985), Қазақстан ҒА-ның коррпоратив мүшесі (1989). ҚазМУ-ді (1957), КСРО ғылым академиясының Математика институтының аспирантурасын (1963) бітірген. 1957—60 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы болды. 1963 — 65 ж. Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика секторында жұмыс істеді. 1965 — 88 ж. Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. 1988 жылдан Теориялық және қолданбалы математика институтының директоры, сонымен қатар 1999 жылдан ҚР ғылым академиясының Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы. Негізгі ғылыми еңбектері функция және функционалдық теория тәсілдерін дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерге қолдану саласына, комплекс айнымалы функциялар теориясына арналған. Ол Никольский — Бесов кеңістігіндегі жалпыланған аналитикалық функциялар теориясын одан әрі дамытып, оның анализде, геометрияда және механикада қолдану аясын кеңейтті.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
Шығармалары
Обобщенные аналитические функции в дробных пространствах. — Алма-Ата: Наука, 1985.
Сілтемелер
1. «функциялар теориясының білгірі»
Дереккөздер</span>
Санат:Тұлғалар