Жезкент — Абай облысы Бородулиха ауданындағы кент, Жезкент кенттік әкімдігі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Бородулиха ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде, бетеге, қау, жусан аралас қара топырақты орманды дала белдемінде орналасқан.
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен9888 7917 80,1 4727 3805 80,5 5161 4112 79,7
Кәсіпорындары Жезкент — Қазақстандағы түсті металл өндіру, оларды байыту орталықтарының бірі. Мұнда Жезкент кен байыту комбинаты, “Шахтаөту” басқармасы, жылу орталығы, жөндеу кәсіпорны, нан зауыты, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы 2 орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, емхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Бородулиха ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері