Мамыров Нұрғали Құлшыманұлы (27.9.1938 ж.т., Алматы облысы Кеген ауданы Алғабас ауылы) — экономист-ғалым, экономика ғылымының докторы (1978), профессор (1980), академик(2003).
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
ҚазМУ-ды бітірген (1961). Алматы халық шаруашылық институтында (1982 — 87), Республика “Мемсәулетқұрылыс” басқарушы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру мектебінде ректор (1992 — 93), Жамбыл жеңіл өнеркәсіп технология институты Алматы бөлімшесінің директоры (1993 — 94) қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының (2001 жылдан Қазақ экономика университеті) ректоры. Зерттеу еңбектері өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан экономикасы негізіндегі нарықтық экономиканың өзекті мәселелеріне арналған. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық иегері (2002). Халықтар достығы, Парасат ордендерімен және медальдармен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Дереккөздер
Санат:Кеген ауданында туғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:ҚР ҰҒА академиктері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:КСРО жоғары мектебінің үздіктері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Нархоз университеті оқытушылары Санат:Нархоз университеті ректорлары Санат:Қазақ КСР халықты ағарту ісінің үздіктері Санат:Кеңсай зиратында жерленгендер