Келес – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны Түркістан облысы Қазығұрт, Келес аудандары арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 241 км, су жиналатын алабының ауданы 3310 км2. нобай|солға|200px|Келес өзені Көктерек ауылы (Сарыағаш ауданы) тұсында.
Бастауы Бастауын Қаржантау жотасының батыс беткейі мен Қазығұрт тауынан бастау алып, Шардара бөгеніне құяды. Ағысы Бастау алатын жерінен оңтүстік-батысқа қарай ағады. Қаратас ауылының тұсында оңтүстікке бұрылады.
Гидрологиясы Жоғары ағысындағы арнасы тар және тік жарлы келген, төменгі ағысындағы арнасы кең. Ірі салалары Көкпарсай, Қаржансай, Ұялысай, Ащықарабаусай, т.б. Суы тұщы. Қар және жер асты суымен толығады. Қапыланбек ауылы тұсындағы көп жылдық орташа су ағымы 5,9 м3/с шамасында. Өзен суы бау-бақша, егін суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазығұрт ауданы өзендері Санат:Келес ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы