Кеңжиде – тарихи аймақ. Арыс өзенінің орта ағысы мен Боралдай өзенінің бойында орналасқан. Кеңжиде өлкесі орта ғасырларда түркі тайпаларының қоныстанған мекені болған. Аймақтан 10 – 15 шаршы км аумағындағы 20 – 30-дан астам қала, қоныс, мекен-жайлардың жұрттары зерттелген. Олардың ішіндегі жазба деректерде Усбаникет деген атпен кездесетін қазіргі Жуантөбе қаласы бар. Аймақ оңтүстік жағында Исфиджабпен шектеседі. Кеңжидеде әлі де толық археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том Сілтемелер
Санат:Түркістан облысы географиясы