Бекжан Әшірбаев (1974 жыл, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, "Ленин жолы" ауылы) - айтыс ақыны, сазгер, журналист.
Өмірбаяны ҚазҰУ-ді бітірген (1996). Сол жылдан журналистика факультетінің журналистика тарихы кафедрасына оқытушы болып кірген. Кафедраның аға оқытушысы. 2001 жылы "Қазақ университеті" газетінің редакторы 2008 жылы "Қазақ әдебиеті" газеті бас редакторының орынбасары болады.
Шығармашылығы 1989 жылдан бері республикалық ақындар айтысына қатысып келеді. Қазақ еліне әнші Тоқтар Серіковтің орындауындағы "Көршінің қызы" деген әнімен танылған әуесқой сазгер.Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5.
Дереккөздер
Санат:1974 жылы туғандар Санат:Мақтаарал ауданында туғандар Санат:Айтыс ақындары Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақстан журналистері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақ әдебиеті газеті журналистері Санат:Қазақ университеті газетінің редакторлары