Игорь Николаевич Краснов – жазушы, драматург, журналист. Өмірбаяны 1960 жылы 3 ақпанда Свердловск облысының Нижний Тагиль қаласында дүниеге келген. Краснов ата-анасынан ерте айырылады. 1961-1967 жылдары Нижний Тагиль қаласындағы балалар үйінде, 1967-1977 жылдары Щелкун ауылындағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Балалар үйінде қиялға беріліп, шынайы армандай алатын балалардың бірі болады. 1976-1990 жылдары шашка және шахмaтпен белсене айналысады. Қазіргі уақытта Екатеринбург қаласында тұрады. Білімі 1968-1977 − №42-ші Щелкун бастауыш мектебінде 1979-1981 – Свердловск облысындағы жұмысшы жастардың №3 кешкі мектебінде 1991-1997 жылдары – М. Горький атындағы Уральск мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған. Қызметі 1992-1993 жылдары Уральск алюминий зауытында. 2000-2001 жылдары «АРС» фирмасында веб-ұста болады. 2001-2002 жылдары «ПРОфтехсвязь» фирмасында бағдарламашы болады. 1988-2008 жылдары «Сын Родины», «На смену!», «Голос надежды», «Областная газета», «Пламя», «Новый компас» газеттерінің әлеуметтік мәселелеріне арналған штаттан тыс корреспонденті болып қызмет атқарады. 2004-2006 жылдары «Наше слово» қоғамдық-саяси газетінің негізін салушы, бас редакторы болады. 2004-2008 жылдары «Компьютер Help» газетінің бас редакторы болады. 2005-2007 жылдары «Литературная пристань» қалалық газетінің негізін салушы, бас редакторы болады. 2006 жылдан бастап «Новый Современник» Халықаралық жазушылар одағының Уральск бөлімшесінің төрағасы болып қызмет атқарады. Марапаттары 2009 жылы Халықаралық «Литературная Вена» фестивалінің лауреаты болады. 2004 жылы ең үздік журналистік шығарма жарысының лауреаты болады. Шығармалары Пьесалары: «Кому что!» «Лабиринты любви» «Кукушата» Әңгімелері: «Верой жив человек» «Дорогие мои старики» (1988, 2009) «Завтра бой» (1989) «Счастливчик» (1989) «Два солдата» (1989) «Судный день» (1993) «Волки» (1990) «Предгрозовье» (1992) «Пятница 13-е» (1992) «Улыбка фортуны» (1992) «Сука ментовская» (1993) «Нелюбовь» (1993) «А в летнем парке музыка играла» (1993) «Охотничья сага» (1993, 2009) «Циник» (2006, 2011) «Избранный» (2011) «Бомж» (2011). Дереккөздер

Санат:Жазушылар Санат:Орыс жазушылары