Дихан-Баба Әбілев (26 желтоқсан 1907, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылдыбұлақ - 2003, Алматы) - ақын, Қазақстанның халық жазушысы.
Білімі Семей ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтын (1937) оқыған. Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын (1948) тәмамдаған. Өмірбаяны 1927-1934 жылдары халық ағарту, басасөз қызметтерінде болған. Баянауыл аудандық "Ленин туы" газеті редактордың орынбасары республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары 1938-1939 жылдары Қазақстан жазушылар одағының төрағасы 1961-1962 жылдары Көркем әдебиет баспасының Бас редакторы. 1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.
Шығармашылығы Тұңғыш өлеңі - "Қызыл әскерге" 1925 жылы Семейдегі "Қазақ тілі" газетінде жарияланған. "Шалқыма" (поэма) "Бармақ" (поэма, 1937) "Қуат" (поэма, 1940) "Мұңсыз Мәрия" (поэма, 1940). "Москва түбінде" (1942) "Майданбек" (Өлең-роман, 1943) "Бибінұр" (1949) "Жұлдызды жігіт" "Дала солдаты" (1945) "Тұлға" (1948) өлеңдер жинақтары. Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ақын Риддер кеншілерінің өмірінен "Алтай жүрегі" атты өлең роман (1955) жазған. С. Торайғыров өмірінен жазған "Ақын арманы" (1964) "Арман жолында" (1968) "Баянауыл баурайында" (1975) атты прозалық роман-тирлогиясы қалың жұртшылыққа кеңінен мәлім. Кезінде осы аталған сүбелі туындылардың бәрі дерлік орыс тіліне аударылған. Драматургия жанрында "Қарулас достар" (1948) "Майра" (1954) "Біржан сал мен ақын Сара" туындыларын жазған. Сондай-ақ қазақ тіліне орыс, украин, түрік, армян классиктерінің поэмаларын аударған.
Марапаттары Қызыл Жұлдыз ордені Еңбек Қызыл Ту ордені "Құрмет Белгісі" ордені көптеген медальдармен Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстанның халық жазушысы.
Шығармалары Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1958; Шығармаларының екі томдығы А., "Жазушы", 1977, 1984 Махаббат құдіреті. Роман. А., "Жазушы", 1991; мелодия весны. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1993; Өткен күнде белгі бар. Естеліктер. А., "Жазушы", 1997; Жолаушы өмір. Өлеңдер. А., "Жазушы", 2001"Қазақстан жазушылары" анықтамалық, Ан Арыс баспасы, Алматы, 2009,ISBN 978-601-7130-43-5.
Дереккөздер
Санат:26 желтоқсанда туғандар Санат:1907 жылы туғандар Санат:Баянауыл ауданында туғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Алматыда жерленгендерСанат:Қазақстан ақындары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Қазақстан халық жазушылары Санат:Кеңсай зиратында жерленгендер