Дұң ұлты (өз аты - гам, бугам) — Қытайдағы аз ұлттардың бірі"Көрші" әмбебап мәдени журналы, №6591-Ж, 2008, 06, №26 . Олар негізінен Гуйжоу, Хунан, Гуаңши, Хубей провинцияларында қоныстанған. 1990 жылғы Қытай санағы бойынша шамамен 2 514 000 адам тұрады.
Тілі Олар дұң тілінде сөйлейді. Дұң тілі қытай-тибет тіл жүйесінің жуаң-дұң тіл семиясына, дұң-шүй тіл тобына жатады. Қытай тілі де кеңінен таралған.
Бұрын дұң халқының өз жазу тілі болмаған, олар қытай таңбаларын қолданған. 1958 жылы Гуйчжоу провинциясының Рунцзян диалектісінің оңтүстік диалектісі мен фонетикасының негізінде латын әріптерін пайдаланатын жазу жүйесі жасалды.
Діні Көпшілігі (шамамен 80%) дәстүрлі нанымдарды ұстанады, қалғандары буддистер (махаяна).
Тарихы Дұңдар өздерінің шығу тегі жағынан Қытайдың тарихи әдебиетінде бойюэ деп аталатын жуан-тун тобының халықтарының ең көне ата-бабаларымен тығыз байланысты, ал наньюэден тәуелсіз ежелгі юйюэ тобын құрады. Қытай шежірелеріне сәйкес, дұңдардың ата-бабалары қазіргі кездегі аумақтардың ең ежелгі халқы болған деп пайымдауға болады. Дұң тайпалық одақтарда өмір сүрді, олар алғашқы қауымдық жүйенің ыдырау сатысында, қалыптасып келе жатқан феодалдық қатынастармен болды. Дұң өлкелерін қытайлар отарлауына байланысты феодализация процесі күшейе түсті. Қауымдастықтың бұрыннан сақталған түрі феодалдық өндіріс тәсілінің қажеттіліктеріне бейімделді. Шаруалардың ең кедей бөлігі әр түрлі езгілерге қарсы, көптеген салықтар мен алымдарға қарсы күреске көтерілді. XIV ғасырда шаруа Мианның басшылығымен болған көтеріліс халық арасында әлі күнге дейін ұмытылған жоқ. Көтеріліс астанадан арнайы жіберілген қытай әскерлерінің күшімен басылды. Тайпин көтерілісі кезінде Тяньчжу, Цзиньпин, Юпинг, Сансуй және басқа уездердегі 100 мыңнан астам дұң көтеріліске шықты. Жергілікті езгілер мен қанаушыларға қарсы, кейіннен де империализм мен гоминьдан үстемдігіне қарсы күрес 1949 жылы ғана аяқталды.
Кәсібі Дұңдардың негізгі кәсібі – егіншілік, олар күріш, жүгері, тәтті картоп, көкөністер өсіреді. Сонымен қатар, су басқан күріш алқаптарында балық өсіріледі. Дұңдар сонымен қатар мал шаруашылығымен (буйвол, шошқа, т.б.), орман шаруашылығымен, шырша өсірумен айналысады. Дұңдардың қонақты түйеқұспен қарсы алатын әдеті бар. Қолөнері дамыған: ағаш, тас және металл өңдеу, мата тоқу, бояу және кестелеу, мұны негізінен әйелдер атқарады.
Өмір салты нобай|оңға|200px|Мерекелік бас киім Отбасы шағын, неке патрилокальды, бірақ жас әйелді үйлену тойынан кейін ата-анасының үйіне қайтару салты сақталды, ол бірінші баласы туғанға дейін сонда болды. Қауымдық-патронимиялық байланыстар күшті.
Дәстүрлі баспаналары Тұрғын үйлері қаңқалы-бағаналы, әдетте екі қабатты, тақтай қабырғалары, төбесі жабынқышпен қапталған. Бірінші қабаттың орталық бөлмесі қонақ бөлмесі болып табылады, кіреберіске қарама-қарсы қабырғада ата-баба құрбандық орны бар, бүйірлік бөлмелер мен екінші қабат тұрғын үй болып табылады.
Дәстүрлі киімдері Ерлер киімі - қысқа, жағасыз, тік астарлы немесе оң жағалы күртеше, қысқа шалбар; әйелдер – екі жағына бірдей қаусырмалы киімдер, жағасы жоқ кеудеше, белдемше.
Дәстүрлі тағамдары Тағамның негізі - пісірілген күріш, көкөністер, ет, балық.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Қытай этникалық топтары