Дірілді тасымалдағыштар — серпінді тіреуі бар науа мен дірілдегіш қозғалтқыштан тұратын тасымалдау қондырғысы қопарылған массаның жылжуын қамтамасыз етеді. Дірілді тасымалдағыштар сылтып айналатын тетік немесе сопақ айналатын механизм арқылы орындалады. Олар минутына 300 — 1500 тербеліс дірілін жасайды және олардың ауытқу шегі 8—12 мм. Одан басқа электр магнитті дірілдеткіштер де пайдаланылады. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 .

Дереккөздер

Санат: Физика Санат: Терминология Санат: Металлургия Санат: Тау-кен ісі Санат: Химия