Ақпараттық қауіпсіздік — мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Ақпаратты қорғау Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізу мүмкіндігі оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, мағынасына нұқсан келтіріп түрлендірілуін, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесі (АЖ) ретінде келесі объектілер жиынтығын түсіну керек: есептеуіш техника құралдарын; бағдарламалық жасақтаманы; байланыс арналарын; түрлі тасушылардағы ақпараттарды; қызметшілер мен жүйені пайдаланушыларды. АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздігі жүйенің мына күйлерінде: жүйенің сыртқы және ішкі қауіп-қатерлердің тұрақсыздандыру әсеріне қарсы тұра алу қабілеті бар кезінде ; жүйенің жұмыс істеуі және жүйенің бар болуы сыртқы ортаға және оның өзінің элементтеріне қауіп келтірмеуі кезінде қарастырылады. Тәжірибе жүзінде ақпараттық қауіпсіздік қорғалатын ақпараттың келесі негізгі қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады: конфиденциалдық (құпияланғандық), яғни ақпаратқа тек заңды пайдаланушылар қатынай алатындығы; тұтастық, біріншіден, тек заңды және сәйкесті өкілдігі бар пайдаланушылар ғана өзгерте алатын ақпараттың қорғалуын, ал екіншіден ақпараттың ішкі қайшылықсыздығын және (егер берілген қасиет қолданыла алатын болса) заттардың нақты жағдайын бейнелеуін қамтамасыз ететіндігі; қатынау қолайлығы, қорғалатын ақпаратқа заңды пайдаланушыларға бөгетсіз қатынаудың кепілі болуы. Желілік қауіпсіздік сервистері есептеуіш жүйелерде және желілерде өңделетін ақпараттың қорғау механизмдерін береді. Инженерлік-техникалық әдістер өзінің мақсаты ретінде техникалық арналар арқылы ақпараттың жайылып кетуінен ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуді қарастырады. Ақпаратты қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық әдістері нормалар үлгілерін жетілдіру үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі қызметтерді ұйымдастырады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық әдістері өз кезегінде екі негізгі мәселені шешеді. Біріншіден, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі процесстерді формализациялау.Осыдан екінші мәселе туындайды – ол, қорғалу деңгейін талдағанда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүйелер қызметінің қисындылығы мен адекваттығының қатаң негізделуі.

Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері Автоматтандырылған жүйенің ақпараттық қауіпсіздігіне қауіп дегеніміз – бұл АЖ өңдейтін ақпараттың конфиденциалдығы, тұтастығы мен қатынау қолайлығының бұзылуына әкеліп соғатын әсерлердің жүзеге асырылуы және де АЖ құраушыларының жоғалуына, жойылуы мен қызмет етуін тоқтатуына келтіретін мүмкіндігі. Қауіптердің жіктелуі: Пайда болу табиғатына қарай табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи – бұл адамға байланыссыз АЖ-ге физикалық процестер мен табиғи апаттардың әсер ету нәтижесінде пайда болған қауіп. Өз кезегінде жасанды қауіп адамның әрекетінен туындайды. Табиғи қауіптің мысалы ретінде өрт, тасқын, цунами, жер сілкінісі және т.б. айтса болады. Мұндай қауіптің жағымсыз жағы – оны болжаудың қиындығы және мүмкін еместігі. Ниеттілік дәрежесіне сәйкес кездейсоқ және қасақана болып бөлінеді. Кездейсоқ қауіп қызметшілердің немқұрайдылығынан немесе әдейілеп жасалмаған қателіктерінен пайда болады. Қасақана қауіп әдетте бағытталып жасалған әрекет нәтижесінде пайда болады.Кездейсоқ қауіптің мысалы ретінде байқаусыз деректердің қате енгізілуін, абайсыз жабдықтың бүлдірілуін келтіруге болады. Ал қаскүнемнің физикалық қатынаудың белгіленген ережелерін бұзып қорғалатын аймаққа рұқсатсыз кіру қасақана қауіптің мысалы болып табылады. Қауіп көзіне тәуелді келесідей бөледі: қауіп көзі – табиғи орта. Мысалы: өрт, тасқын және басқа да табиғи апаттар; қауіп көзі – адам. Мысалы, бәсекелес ұйымның АЖ қызметкерлері қатарына өз агенттерін енгізу; қауіп көзі – рұқсатты программалық-аппараттық құралдар. Мысалы, жүйелік утилиттерді пайдалануды жете білмеушілік; қауіп көзі – рұқсатсыз программалық-аппараттық құралдар. Мысалы, жүйеге кейлоггерлерді енгізу; Қауіп көзінің орналасуына байланысты былай бөлінеді: қауіп көзінің бақылау аумағынан тыс орналасуынан пайда болатын қауіп.Мысалы, жанама электромагнит сәулеленулерін (ЖЭМС) немесе байланыс арналарымен беріліп жатқан деректерді ұстап алу; қашықтан фото және бейне түсіру; бағытталған микрофон көмегімен акустикалық ақпаратты ұстап қалу; қауіп көзінің бақылау аумағының шекарасында орналасуы. Мысалы,білдірмей тыңдау құрылғыларын қолдану немесе конфиденциалды ақпараты бар деректерді тасушыларын ұрлау. АЖ-ге әсер ету дәрежесі бойынша пассивті және активті қауіптер деп бөледі. Пассивті қауіп іске асырылғанда АЖ құрамына және құрылымына ешқандай өзгеріс енбейді, ал активті қауіп, керісінше, АЖ құрылымын бұзады. Пассивті қауіптің мысалы ретінде деректер файлдарын рұқсатсыз көшіруді келтіруге болады. АЖ ресурстарына қатынау тәсілі бойынша былай бөлінеді: стандартты қатынауды қолданатын қауіп. Мысалы, заңды иеге қатысты пара беру, шантаж, физикалық қауіп төндіру арқылы рұқсатсыз парольді алу; стандартты емес қатынауды қолданатын қауіп. Мысалы, қорғау құралдарының ресми мәлімделмеген мүмкіндіктерін пайдалану. Қауіптердің негізгі жіктелуі: Ақпараттың конфиденциалдылығын (құпиялылығын) бұзатын қауіптердің орындалу нәтижесінде құпия ақпаратпен танысу үшін өкілдігі жоқ субъектіге ақпаратқа қатынау мүмкіндігі туады. Ақпараттың тұтастығын бұзатын қауіптерге, АЖ көмегімен өңделініп жатқан ақпаратты кез келген қаскүнемділікпен бұрмалау немесе құрту жатады. Ақпараттың қатынау қолайлығын бұзатын қауіптерге, АЖ ресурсына рұқсаты бар пайдаланушының қатынауы бұғатталғанда туындайтын жағдайлар жатады.

Ақпарат қорғанысының негізгі қауіптеріне және ақпараттық жүйенің қарапайым жұмыс істеуіне келесілер жатады: құпия ақпараттың ағып кетуі; ақпаратты компрометациялау; ақпараттық ресурстарды бекітілмеген жолмен қолдану; ақпараттық ресурстарды қателесіп қолдану; абоненттердің арасында бекітілмеген ақпарат алмасу; ақпараттан бас тарту;

Идентификация Идентификация – қатынасатын субъектке арнайы идентификатор (қайталанбайтын) тағайындау және оны мүмкін болатын идентификатор тізімімен салыстыру операциясы.

Аутентификация Аутентификация – қатынасатын субъект пен оның идентификаторының сәйкестігін тексеру әрі растау операциясы. Аутентификацияның әдістерін үлкен 4 топқа бөлуге болады: Белгілі бір құпия ақпаратты білуге негізделген әдістер. Бұл әдістің бәрімізге таныс мысалы – парольдік қорғаныс. Қолданушы жүйеге кірер кезде пароль, яғни таңбалардың құпия тізбегін, енгізу керек болады. Аутентификацияның бұл әдісі ең кең таралған болып табылады. Қайталанбайтын зат (нәрсе) қолдануға негізделген әдістер. Қайталанбайтын зат ретінде түрлі смарт карталар, токен, электрондық кілттерді айтуға болады. Адамның биометриялық белгісіне негізделген әдістер. Іс жүзінде биометриялық белгілердің келесідей түрлері қолданылады: Саусақтың ізі, Көздің торлы қабықшасы не мөлдір қабықшасының суреті, Қолдың жылулық суреті, Беттің фотосуреті не жылулық суреті, Жазу (қолтаңба), дауыс Қолданушымен байланысты ақпаратқа негізделген әдістер. Мұндай әдістердің мысалы ретінде қолданушының GPS арқылы алынған координаттарын айтуға болады.

Аутентификацияның парольдік жүйелерінің ерекшеліктері: Жүзеге асырудың салыстырмалы түрдегі жеңілдігі. Іс жүзінде, парольдік қорғаныс механизмін ұйымдастыруға, көп жағдайда, ешқандай артық аппараттық құралдар керек емес. Дәстүрлік. Парольдік қорғаныс механизмі қолданушылардың көпшілігіне таныс, сондықтан басқа құралдарға қарағанда (мысалы: көздің мөлдір қабықшасының сканерлеу) психологиялық жатсыну тудырмайды.

Қауіпсіздіктің парольдік жүйелерінің негізгі қауіптеріне: Адами факторлардың әлсіздігін пайдалану жолы. Бұл жерде пароль алу әдістері әр түрлі: пароль енгізу кезінде көріп алу, тыңдап алу, шантаж немесе біреудің тіркелгісін рұқсатпен пайдалану. Теріп тауып алу. Бұл жерде келесідей әдістер пайдаланылады: Барлық нұсқаны теріп, тауып алу. Бұл әдіс бойынша парольді енгізіп көру кезінде барлық мүмкін комбинация тексеріледі. Қаскүнемнің жүйеге кіру уақыты көп болу керек екендігі өз-өзінен-ақ түсінікті. Бұл әдіспеншыдамдылық болса, кез келген пароль табылады . Сөздік бойынша теріп, тауып алу. Іс жүзінде пайдаланылатын парольдер мағыналы сөз немесе сөз тіркесі болып табылады. Осындай көп пайдаланылатын парольдер тізімделіп, сөздік жасалады. Осы сөздіктің көмегімен парольді тез тауып алуға болады. Қолданушы туралы мәлімет бойынша теріп, тауып алу. Бұл әдістің негізінде әр қолданушы өз паролін өздері ойлап табу фактісі жатыр. Көп жағдайда, адамдар құпия сөзді ойлап тапқан кезде, өздеріне байланысты мәлімет енгізеді.

Қауіпсіз жүйе Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе.

Сенімді жүйе Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе.

Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.

1983 жылы АҚШ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар «Сенімді компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері» деп аталатын кітап шығарды. «Қызғылт сары кітапта» сенімділіктің төрт деңгейі анықталған: D, С, В және А. D деңгейі қанағаттандырылмаған жүйеге арналған С деңгейіне А деңгейіне өту кезінде жүйелерге қатаң талаптар қойыла бастайды. С және В деңгейінің бөлімдері сенімділік деңгейінің өсуі бойынша кластарға (С1,C2.B1,B2,B3) бөлінеді. Қауіпсіздіктің барлық алты класы бар (C1,C2,B1,B2,B3,A1). Сертификация кезінде жүйені белгілі бір кластарға жатқызу үшін, оның қауіпсіздік саясаты мен кепілдеме деңгейі маңызды талаптарды қанағаттандыру қажет.

«Қызғылт кітапқа» қойылатын талаптар келесідей: Қауіпсіздік саясаты Жүйе дәл анықталған қауіпсіздік саясатын ұстануы тиіс. Субъекттің объектке қолжетушілік мүмкіндігі олардың ұқсастығы және қолжетушілікпен басқару ережелерінің жиынтығы негізінде анықталуы керек. Объектімен қолжетушілікті бақылау процедуралары үшін бастапқы ақпарат есебінде қолданылатын қауіпсіздік белгілері бір-біріне ұйқасуы керек. Есеп беру Барлық субьекттерде ерекше идентификаторлар болуы тиіс. Қолжетушілік бақылауы қолжетімділік объектісі мен субъектісі ұқсастығы, айырмашылығы және қолжетушілікті бөлу ережелері негізінде жүзеге асуы қажет. Тіркелу жүйесі оқиғаның жалпы ағынының анализін жүзеге асыруы және одан тек қауіпсіздікке әсер ететін оқиғаларды бөліп алу қажет. Оқиға хаттамасы рұқсатсыз қолжетушіліктен, түрлендіру және жоюдан сенімді қорғалған болуы тиіс. Кепілдік Қорғау құралдары қорғау функцияларының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін тәуелсіз аппараттық немесе программалық компоненттерден құралуы тиіс. Бақылау құралдары қорғау құралдарынан түгелдей тәуелсіз болуы керек. Барлық қорғау құралдары рұқсатсыз бөгеулер мен ажыратулардан қорғалуы тиіс, сонымен қатар бұл қорғау қорғау жүйесінің жұмысының кез-келген режимінде және барлық автоматтандырылған жүйелерде тұрақты және үзіліссіз болуы керек.

Ақпараттық қауіпсіздік саясаты Қауіпсіздік саясаты