Қарабақанас, Бақанас, Ортабақанас – Іле алабындағы құрғақ арна, Іле өзенінің ежелгі арнасы.

Географиялық орны Алматы облысының Балқаш ауданы жерімен ағып өтеді. Садырбек мүйісі тұсында Балқаш көліне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 301 км. Құмды арнасы өзгеріп отырады. Арнасындағы су көктемгі қар суымен 7 – 10 күндей ғана ағады. Аңғары көктемгі жайылым. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Балқаш ауданы өзендері Санат:Іле су алабы