Қарам, һарам, арам – мұсылмандық құқықта – Алла тағала атынан пенделерінің ішіп-жеуіне және істеуіне тыйым салынған нәрселер. Мыс., қылмыстық іс-әрекеттер жасау, доңыз етін жеу, арақ-шарап ішу, құмар ойындар ойнау, өсімқорлықпен пайда табу, зина жасау, т.б.