Ыдырыс Есенғалиұлы Қарсақбаев (2 қыркүйек 1932 жыл, Қостанай облысы Боровской кенті – 23 қараша 2015 жыл, Алматы) — суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1991).
Өмірбаяны Алматы көркемсурет училищесін (1959), Мәскеудің Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген (1962).
1967 жылдан "Қазақфильм" студиясында суретші, 1981 жылдан бас суретші.
Суретші-қоюшы ретінде "Ән қанаты" (1966) "Балалық шаққа саяхат" (1969) "Отқа оранған Орал" (1973) "Таңдау" (1976) "Транссібір экспресс (1978, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, сондай-ақ, Карловы-Варыде өткен Халықаралық және Ереван қаласында өткен Бүкілодақтық кино-фестивальдың жүлдесі мен КСРО ХШЖК-нің алтын медалі) "Жазушы" (1980) "Қош бол, Медеу" "Ай астындағы үй" (1982) "Батыр Баян" (1992) көркем фильмдерді түсіруге қатысты.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Марапаттары Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1978) Карловы-Варыде Халықаралық кино-фестивальдың жүлдесі Ереван қаласында өткен Бүкілодақтық кино-фестивальдың жүлдесі КСРО ХШЖК-нің алтын медалі «Еңбек ардагері» медалі (2002) ҚР Президентінің құрмет грамотасы (2002) "Экран шебері" атағы (2007). Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:2 қыркүйекте туғандар Санат:23 қарашада қайтыс болғандар Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері