Асыл тұқымды аталық мал (племенной производитель) - өнімдік және түқымдық қасиеттері жоғары ұрпақ беретін, жыныстық қуаты жетілген малдың еркегі (айғыр, бұқа, қошқар, бура, теке, қабан). А.т.а.м.-ың табыңды өз төлінен өсіріп, жақсартуда маңызы өте үлкен. Белгілі ғалым-селекционерлердің пікірінше, қазіргі ғылым жетістіктіріне сәйкес, селекциялық жолмен сиыр өнімділігін арттыру - 95 пайызға, қой өнімділігін арттыру - 80-90 пайызға тұқымдық бұқа мен қошқарды ұрпағының сапасы бойынша таңдап алып, ұтымды пайдалануға байланысты. А.т.а.м. пайдалану арқылы табынның сапасын ұрпақтан ұрпаққа жақсарту - барлық түліктерге ортақ негізгі селекциялық әдіс. Себебі еркек мал әруақытта қатаң сұрыпталады. Мысалы, қолдан ұрықтандыру жағдайында мүйізді ірі қара малда еркек бұзаудың жүзден бірі, қойда еркек қозының бестен бірі ғана аталық мал үшін тандап алынады. Сонымен қатар бір аталық малдан алынатын ұрпақ саны аналыққа қарағанда анағұрлым көп. Дереккөздер Мал шаруашылығы:
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Асыл тұқымды аталық мал · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.