Шахтаның (кеніштің, карьердің) сумолдылық коэффициенті — тартып шығарылған су көлемінін сол уақыт ішінде өндірілген пайдалы қазынды көлеміне қатынасы. Сондықтан шахтаның сумолдылық коэффициенті (м3/т) болып өлшенеді. Шахтаның сыбағалы сумолдылық коэффициенті кені алынған бөлік бойынша — тартып шығарылған су мөлшерінің кені алынған бөліктің ауданына қатынасы (м3/ч не 1000 м2).