Географиялық орны Қиялыбөрте, Киялы-Буртя (Ангур) - Ресейдің Орынбор облысының Қуандық ауданы және Қазақстанның Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы жер аумақтарынан ағып өтетін өзен. Өзен сағасы Жайық өзенінің сол жағалауынан 1580 км қашықтықта орналасқан. Өзен ұзындығы 80 км-ді құрайды.
Бастауы Бастауын жонды–белесті аласа тау бөктеріндегі бұлақтардан алып, Ресей аумағында Жайық өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Өзеннің 20 саласы бар. Ағысының 60%–дан астамы Қазақстан аумағымен өтеді. Бөрте аумағыныӊ маӊында Қиялыбөртеніӊ жоғарғы ағысында бірнеше ірі салалар, оныӊ ішінде Жоса, Сынтас және тағыда басқалар қосылады. Шекара бойындағы Студенчкское ауылыныӊ маӊында оӊ жағынан Қия өзені құяды. Бөрте ауылынан төменде өзен арнасы кеӊейіп, жағалауы жазық болып келеді. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты суымен толығады. Суы қарашаныӊ бірінші жартысында ериді. Атырабыныӊ басым бөлігі жыртылған. Біраз бөлігі шабындыққа пайдаланылады."Атамекен" географиялық энциклопедиясы.
Негізгі салалары Негізгі салалары: 27 км: Күшікбай өзені 36 км: Қия өзені 46 км: Абдан өзені 57 км: Айдарлысай өзені 62 км: Тораңғылы өзені 70 км: Қараүңгір өзені
Су тізілімінің мәліметтері Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Жайық су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Жайық өзені Орск қаласынан Сакмара өзенінің құйылысына дейін. Өзен саласы болмайды, өзен алабы — Жайық (су алабының Ресейдегі бөлігі).
Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ аумағын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша: Мемлекеттік су тізіліміндегі су нысанының коды — 12010000812112200004164 Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 112200416 Су алабының коды — 12.01.00.008 ГЗ томының нөмірі — 12 ГЗ бойынша шығарылуы — 2
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі
Санат:Орынбор облысы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі Санат:Ақтөбе облысы өзендері