Қошқаркөл (Ұялы) – Алакөл және Сасықкөлдің аралығындағы көл.

Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 349,8 м.

Гидрографикасы Ауданы 120 км2, ұзындығы 18,2 км, ені 9,6 м, орташа тереңдігі 4,07 м, су жиналатын алабы 20,8 мың км2. Көлге Жіңішке өзені құйып, Ұялы өзені ағып шығады. Сыртқы пішіні жарты шар тәрізді. Түбі жазық, тұнбалары біркелкі. Суы тұщы, гидрокарбонат класына жатады. Қошқаркөл жауын және жер асты суымен толығады.

Өсімдігі, жануарлары Жағалауы қамысты. Су ішінде балдыр, мүйізжапырақ, қарақұмық өседі. Көлде балдырдың 64 түрі, балықтың 8 түрі бар. Батыс және оңтүстік жағалауында ондатр, үйрек, қаз, аққу, шағала, тағы басқа аңдар тіршілік етеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы көлдері Санат:Алакөл су алабы