Луговой — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, ірі темір жол бекеті, Луговой ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Құлан ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-дей жерде, Қорағаты өзенінің бойында орналасқан.

Тарихы Іргесі 1924 жылы Бурное (қазіргі Бауыржан Момышұлы)-Фрунзе (қазіргі Бішкек) темір жолын салуға байланысты қаланған.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен10242 10872 106,2 5103 5527 108,3 5139 5345 104

Луговойда вагон жөндеу шеберханасы, ауданы тұрмыс қажетін өтейтін комб. бөлімшесі, мұнай базасы, астық қоймасы, т.б. әлеуметтік-ағарту мекемелері жұмыс істейді.

Ауыл суреттері

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері