Ментеке, Меңтеке – Каспий теңізінің солтүстік жағалауын бойлай жатқан шағылды құмды алқап.
Географиялық орны Нарын алқабының оңтүстігінде, Атырау облысы Құрманғазы және Исатай аудандары жерінде орналасқан.
Жер бедері Батыстан шығысқа қарай 120 км-ге созылып жатыр, ал ені 30 км-ге жетеді. Теңіз деңгейінен 9 – 14 м төмен орналасқан. Салыстырмалы биіктігі 10 – 11 м. Солтүстігі Нарын құмына ұласады. Құм төбелер мен қырқа аралығында құмды жазық, арна тәрізді ойыстар кездеседі. Оңтүстігі сор, сортаңды құмды-саздақты жазыққа ұласады. Жер бетіне жақын жатқан суы минералды (10-нан 50 г/л-ге дейін).
Өсімдігі Ментекеде жусан, жүзгін, бұйырғын, бұталы өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады. Құмды алқаптың солтүстік-шығысында (Рүстем құдығы маңында) Бэр төбешіктері кездеседі.Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы құмдары