Ілияс Ысмайылұлы Молдажанов (1900, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бөденелі а. – 25.2.1938, Алматы) – қоғам қайраткері, ақын, журналист.

Руы — Уақ. Екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген (1914). Жастайынан шығармашылықпен айналысқан. Оның онға жуық дастаны мен қиссасының қолжазбалары Қазан университетінің ғылыми кітапханасында сақтаулы. 1918 ж. Семейде Алашорда жасақтаған атты әскерге алынып, Жетісу майданында шайқасты. 1920 ж. наурызда Кеңес өкіметі жағына өтіп, 3-ші Қазақ атты әскер полкінің соғыс комиссары болды. 1921 – 24 ж. Орынбор мен Семейде партиялық үгіт-насихат жұмыстарын атқарды, “Қазақ тілі” газетінің редакторы болды. 1925 ж. Павлодар уезінде, 1926 – 28 ж. Қызылжар губерниясында басшы қызметтерде болды. 1929 – 35 ж. Гурьев, Қостанай округтік атқару комитетінің, Алматы облысы аткомның төрағасы 1935 – 37 ж. Қазақ АКСР Қаржы халық комиссары болды. 1938 ж. саяси қуғынға ұшырап, 1956 ж. 30 маусымда КСРО Жоғ. соты әскери алқасының шешімімен ақталды.Сәдуақасұлы Ә., Тарихыңды танып біл, А., 1996.

Дереккөздер

Санат:1900 жылы туғандар Санат:Бесқарағай ауданында туғандар Санат:25 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:КСРО журналистері Санат:КОКП мүшелері Санат:Ресейдегі Азаматтық соғысқа қатысушылар Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Алаш қозғалысы мүшелері Санат:Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қостанай облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Алматы облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ АКСР халық комиссарлары Санат:Қазақстан қаржы министрлері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да ақталғандар