Көкдомбақ – Балқаш көлінің солтүстігіндегі шоқы.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш қалaсының солтүстік-батысында 33 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 542 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км.
Жер бедері Беткейі көлбеу, пішіні сопақша келген. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Маңында Қызыладыр, Шеңгелбай, т.б. көптеген шоқылар бар.
Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары