Қаңбақты, Қаңбақ – Қамыс-Самар көлдерінің солтүстік бөлігіндегі көл.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мәстексай ауылынан батысқа қарай 8 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 6 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 8,3 км2, ұзындығы 8,1 км, енді жері 2,6 км, жағалау бойының ұзындығы 24 км. Қаңбақтыдан солтүстік-батысқа қарай Жыланды өзені ағып өтеді.
Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ, қамыс], құрақ өскен. Суы кермек татиды. Жағалауы шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Жаңақала ауданы көлдері