Ақсорлы – Қызылқұмның шығыс бөлігіндегі құдық. Түркістан облысы Отырар ауданы Сырдария өзенінің сол жағалауында, Қарақтау тауының солтүстік-батысында орналасқан.Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты Тереңдігі 10 м, су шығымы 100 л/сағ. Солтүстігінде бірнеше қыстаулар бар. Тізбектелген құм төбелерде сексеуіл шоғыры, эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш өседі.
Ішкі сілтемелер Түркістан облысы Құдық
Дереккөздер
Санат:Қазақстан құдықтары