Дуақтас – Қызыларай тауларының солтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Солтүстіктен оңтүстікке қарай 20 км-ге созылып жатыр, ені 7 км. Ең биік жері 1207 м. Беткейлері көлбеу, сай-жыра, аңғарлармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады.
Геологиялық құрылымы Кембрий жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз, сұлыбас, бұталар, арша өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары