Сергей Гаврилович Гуденко (1915, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қалдыаман қонысы - 23 маусым 1941, Украина) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі, лейтенант.

Өмірбаяны Украинаға Кеңес әскері қатарына 1936 жылдың қарашасында шақырылған. Қиыр Шығыс майданының 1-Приморье армиясына қарасты 39-атқыштар корпусы 40-атқыштар дивизиясы 120-атқыштар полкінің пулеметшісі Гуденкоға Хасан көлі (1938 жылы 29 шілде - 11 тамыз) жанындағы әскери кақтығыстарда көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (25.10. 1938).

Киев жаяу әскер училищесін бітірген (1940).

Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңінде Владимир-Волынский (Украина) қаласындағы жеке пулемет батальонының құрамындағы Гуденконың взводы немістің бірнеше шабуылын тойтарып, өзі осы ұрыстарда ерлікпен қаза тапты.

Естелік және марапаттары Мамлют ауданындағы Дубровное селосындағы мектеп пен көшеге батырдың есімі берілген.

Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар