Жәмші, Жаман, Қарасай – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысының Ақтоғай, Шет аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 117 км, су жиналатын алабы 1150 км2.
Бастауы Өзен Қызылтас тауларының оңтүстік беткейінен бастау алып, Балқаштың солтүстігіндегі Көкдомбақ көлінің тұсында құмға сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Көктемде қар ерігенде ағады, жазда жеке қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағыны 0,86 м3/с. Жәмші аңғарының жер асты суы Ақшатау, Ақжал кенттерін, тау-кен кәсіпорындарын сумен жабдықтау үшін пайдаланылады. Өзенінің бойында Жәмші, Қарабұлақ ауылдары бар.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш көлі Санат:Шет ауданы өзендері