Мәмбет КүнбасұлыҚазақ Энциклопедиясы (шамамен 1711 — 1808, Жамбыл облысы) — батыр, Абылай ханның жорықтас серігі. Кейбір деректерде Абылайды жоңғар тұтқынынан алып қайтқан отыз бес қазақ ішінде Сеңкібай, Шойбек батырлармен қатар аталады. Бұқар жыраудың “Қалданменен ұрысып” атты толғауында басқа батырлармен бірге Мәмбет есімі де айтылады. Мазары Талас өзені бойында.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Дереккөздер