Кулыгин Иван ФедоровичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының бригадирі. 1893 жылы Жамбыл ауданы (қазіргі Түркістан облысы), Меркі ауылында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылға дейін жеке шаруашылықпен айналысқан. 1930-1936 жылдары әр түрлі мекемелерде жұмыс істейді. 1936 жылы "Новый путь" ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіреді. 1946 жылы егіншілер бригадасын басқарады. 1946 жылы бригада күздік бидайдың 15 гектарының әр гектарынан 14,96 центнерден өнім алып, межеленген жоспардан 7 центнер асыра орындайды. 1947 жылы мол түсімді егін алқабының 19 гектарының әр гектарынан 32,6 центнерден дән жинайды.

Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері