Торба Максим Осипович (1900-1958)Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, колхоз председателі. 1900 жылы Украинада, бұрынғы Харьков губерниясы, Старобель уъезі, Крезское селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1929 жылы алғашқылардың бірі болып ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіреді. Сол жылы Саратов облысы, Октябрьск қалашығындағы ауылшаруашылық техникумына жіберіліп, оны бітіргеннен кейін 5 жыл Орынбор облысы, Саректаш МТС-да, содан кейін 2 жыл Түркістан облысы, Түлкібас МТС-ды агроном болады. 1941 жылы Армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Көрсеткен ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, "За отвагу", "За взятие Берлина", "За участие в Великой Отечественной войне" және "За победу над Германией" медальдарымен наградталады. 1945 жылы соғыстан кейін Түлкібас ауданына оралып, "Возрождение" колхозына агроном болып орналасады. 1946 жылдан бастап сол колхоздың председателі болады. 1946 жылы астық дәнді дақылдар өнімі 101% , 1947 жылы - 169% орындалады. Межеленген 10 центнердің орнына барлық астық алқабынан 17 центнерден өнім алса, ал күздік бидайдан рекордты - әр гектардан 30 центнерден көп өнім жинайды.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері